«Бізге тіреу болатын ешкім жоқ»: Ақтөбеде нағашы апайынан қорыққан 5 бала көмек сұрады
Фото: Бейнеден кадр
Ақтөбеде нағашы апайынан «қысым көрдік» деген балалар бейнеүндеу жасап, президенттен көмек сұрады. Балалардың айтуынша, анасының жүйке аурулар ауруханасына түсуіне нағашы апайы кінәлі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласында жалғызбасты әйелдің 5 баласы қиын жағдайға тап болды. Балалар халықтан, Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жасады. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда жалғызбасты әйелдің бұрынғы күйеуі мен өз туыстарынан қысымға ұшырағаны жазылған.
«Біз «Аяла» балалар орталығында отырмыз. Бір күннің ішінде тума апайымыз анамызды жүйке аурулар ауруханасына жатқызды. Бізді орталыққа жіберді. Үй сататын кезде бауырлар мүлікке таласып, анамызға үйдің үлесінен бас тарту қағазын жаздырып алды. Кішкентайлар балалар үйіне кетіп қалуы мүмкін. Біз қатты қорқамыз. Бізге тіреу болатын ешкім жоқ. Әкеміз ішеді. Анамыз бізді осыған дейін жалғыз өзі қарап келді. Бір күнде отбасымыздың тас -талқаны шықты. Көмектесіңіздерші», — деп жылайды бейнежазбада балалардың үлкені.
Orda.kz тілшісі мән-жайды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан сұрастырды. «Аяла» әлеуметтік орталығының директоры Гүлбаршын Жиенқұлованың айтуынша, 2025 жылы 15 сәуір күні ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты 5 бала орталыққа орналасқан. Балалардың осы жақта мектепке барғаны, жағдай жасалғаны айтылды. 21 мамырда анасы ауруханадан шығып, көмек сұраған соң дағдарыс орталығына орналасуға көмектеседі.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта балалардың анасы қайтадан ауруханаға жатқызылған.
«1986 жылы туған науқас психиатриялық есепте тұрады. 2025 жылдың сәуір айында бір ай бойы облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық ем қабылдаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында емделіп жатыр», — деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Orda.kz тілшісі желідегі бейнежазбаның авторын тапты. Жалғызбасты әйелдің үлкен қызы Құралай Есболова оқиғаның сәуір айында басталғанын растайды. Айтуынша, дау ағайынды азаматтардың қыздарының арасынан шыққан.
«Мен бұл бейнежазбаны оқиға болған кезде түсірдім. Үйге талас болды. Анамның әпкелері оны ажырасып кеткен күйеуімен қосқысы келеді. Қайта-қайта көлік шақыртып, әрекет жасады. Анам әкемнен қорқады. Ата-анам ажырасқан. Біз анамызбен 4-5 жылдан бері нағашы әжеміздің қасында, оның жеке үйінде тұрдық. Әжем сол үйді сатып, бізге, өзіне көпқабатты үйден пәтер қарағысы келді. Сол кезде анамның апалары араға түсті. Соның арасында анамнан үйдің үлесінен бас тартамын деген қолхат жаздырып алады. Біз үйден бас тартпайтынымызды айтқанда олар баса-көктеп кіріп, анама қол көтерді. Сол жерде төбелес шықты. Нағашы апайым: «пышақпен бәрімізді қуып жатыр, шешесін сабады, балалары қараусыз, жеңіл жүрісті адам» деп бригада шақырды. 8 адам келді. Сол күні анамды алып кетті. Апайым бұрын полицияда жұмыс істеген. Күйеуі де полиция қызметкері, майор. Өзінің мүмкіндіктерін айтып анама: «менімен ойнама, сені жатқызып жіберемін» деп жиі айтып отыратын еді», — деді балалардың үлкені Құралай Есболова.
Балалар Алматыда ем алып жатқан анасымен күнде хабарласып отырғанын айтты. Қазір олар өздеріне көмек көрсеткен еріктінің үйінде тұрып жатыр.
«Іс басталғалы осы балалардың қасында жүрмін. Олар маған хабарласып көмек сұрады. Балалар әділдікке жеткісі келеді. Барлық дәлелдер бар. Апайы менен де ақша сұрады. Анасының құрдастарынан ақша жинаған. Балалар тыныш өмір сүргісі келеді. Балалар апайларынан қысым көріп жатыр», — деді ерікті Әсел Мұқан.
Ақтөбе облысының білім басқармасы балалардың ата-аналары 2021 жылы заңды түрде ажырасқан деген ақпарат берді.
«Әкесі ішімдікке бейім, балаларының тәрбиесіне және тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мәселеріне араласпайды. Аналарының ата-аналық құқығы шектелмеген. Балалар анасының ем қабылдау кезеңінде уақытша мемлекет қамқорлығына алынып, кейіннен өзіне табысталды. Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, анасының атына тұрғын үй тіркелмеген», — деді білім басқармасы.
Осы жағдайдан кейін жасөспірім қайта бейнежазба түсіріп, резонанс болғанын айтып, қолдап жатқан адамдарға алғысын білдірді. Дегенмен бұл әділдікке жету үшін әлі де аздық ететінін айтып мән-жайды егжей-тегжейіне дейін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында 13 қазан күні 14 жастағы жасөспірім босанды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?