Стамбұл қаласының бұрынғы мэрі 7 жылға түрмеге тоғытылды
Түркияда Стамбұлдың экс-басшысы және оппозиция көшбасшысы Экрем Имамоглыға қатысты сот басталды. Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысты және тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
11 сәуір, жұма күні Стамбұл қаласының бұрынғы мэрі алғаш рет сот алдына шықты. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін айыптарды Имамоғлы «саяси сылтау» деп атады.
Оппозиция көшбасшысы өз кінәсін мойындамайды. Сот залында ол қудалау оның саяси жетістіктеріне байланысты екенін мәлімдеді.
«Мен Стамбұлдағы үш сайлауда да жеңіске жеткенімнің себебінен осындамын, себебі 86 миллион адамның жүрегінде мен президентпін» - деді ол.
2028 жылғы сайлауда Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы болып саналатын саясаткер президенттік науқан басталғанға дейін бірнеше күн бұрын - 19 наурызда ұсталған болатын. Мемлекеттік Anadolu агенттігі оған парақорлық, қылмыстық ұйымды басқару және терроризмді қолдау сияқты ауыр айыптаулар тағылғанын хабарлады.
Экс-қала басшысының биліктің қысымына тап болып отырғаны бірінші рет емес. 2022 жылы ол «сайлау комиссиясы өкілдерін қорлағаны үшін» шартты түрде жаза арқалап, оған 2023 жылғы сайлау қарсаңында оған бірқатар көпшілік іс-шараларға қатысуға тыйым салынды.
Экрем Имамоғлының ісі бойынша келесі сот тыңдауы 16 маусымға белгіленген.
Түркияда оппозиция көшбасшысының тұтқындалуы салдарынан осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан митингілер саябырсыды.
Стамбұлдың қызметі уақытша тоқтатылған мэрі және оппозициялық саясаткер Экрем Имамоғлы Республикалық халық партиясынан (РХП) Түркия президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған болатын.
Жақында Түркияда қамауға алынған Стамбұлдың экс-мэрі Имамоғлының адвокаты Мехмет Пехливан ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық