Экрем Имамоғлы Түркия президенттігіне үміткер атанды
Фото: Имамоғлының әлеуметтік желісінен
Стамбұлдың қызметі уақытша тоқтатылған мэрі және оппозициялық саясаткер Экрем Имамоғлы Республикалық халық партиясынан (РХП) Түркия президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы праймериз аяқталғаннан кейін дауыс беруді ұйымдастырушылар мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz жергілікт Sözcü басылымына сілтеме жасап.
РХП праймеризіне 15 миллион түрік азаматы қатысты, бұл елдегі барлық тіркелген сайлаушылардың төрттен бір бөлігі дерлік. Олардың 13,2 миллионы жалғыз кандидат болған Имамоғлыға дауыс берді.
Партия төрағасы Өзгүр Өзел қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанды мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдауға және мемлекет басшысы лауазымына Имамоғлымен жеке бәсекелесуге шақырды.
Оппозицияның он мыңдаған жақтастары Стамбұл қалалық әкімшілігінің алдына жиналып, Имамоғлыны саяси астарлы қудалауды тоқтатуды талап етті.
Экрем Имамоғлы 19 наурызда қылмыстық ұйымды басқарды және жемқорлық жасады деген айыппен ұсталған. Түркияның мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, ол тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын (КЖП) қолдады деген күдікке ілінген. Имамоғлының өзі барлық айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
23 наурызда сот оны қамауға алу туралы шешім шығарып, түрмеге қамады. Сол күні Түркияның Ішкі істер министрлігі Имамоғлыны мэр қызметінен уақытша шеттеткен. Жақын күндері КХП көп орынға ие болатын Стамбұл муниципалды кеңесі мэр міндетін атқарушыны тағайындауы керек.
Түркияда Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестерінің ұсталуына қарсы жалғасып жатқан жаппай наразылықтар салдарынан Стамбұл биржасының индексі тез төмендеді.
Бес күннен бері наразылық шаралары тоқтаған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық