«Сөз бостандығына кереғар»: Сот Азаттыққа аккредитация бермеген СІМ-нің шешімін заңды деп тапты
Фото: Азаттық радиосы
20 тамызда Астана әкімшілік соты Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Қазақстан өкілдігінің (RFE/RL-Қазақстан) Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне қарсы берген әкімшілік талап арызын қанағаттандырмады. Судья Смағұлов министрліктің Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеу туралы шешімін заңды деп тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосы - Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) сотқа арызданып, Азаттықтың аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартпаған Қазақстан СІМ-нің шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған еді.
«Шешімді апелляцияға береміз. Сот сыртқы істер министрлігі келтірген дәйектерді қабылдады. Біздің алға тартқан уәждерімізді қабылдамады», — деді сотта Азаттықтың мүддесін қорғаған адвокат Лилия Чаусова.
Бүгінгі шыққан шешім Азаттықтың 7 тілшісіне қатысты. Алдағы уақытта 9 тілшінің аккредитациясына байланысты сот өтпек.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін жіберген жауабында «Азаттық қызметкерлері тиісті аккредиттеусіз жұмыс істеді» деп айыптаған еді. Бірақ Азаттық мұнымен келіспеген. Азаттық Қазақстан заңы талаптарын орындай отырып, аккредиттеу туралы өтінішті алдыңғы мерзім аяқталардан екі ай бұрын, яғни уақтылы бергенін, бірақ министрлік нақты себебін айтпастан, өтінішті қарау мерзімін тағы екі айға ұзартқанын айтқан еді.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Капус Астана сотының шешімі Қазақстан Конституциясына қайшы деп мәлімдеді.
«Бұл шешім сөз бостандығына кепілдік беретін Қазақстан Конституциясына кереғар. Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақстан халқы жоғары бағалайтын өте маңызды қоғамдық қызмет атқарып отыр. Журналистика – қылмыс емес және журналистеріміз жұмыс істегені үшін жазаланбауы керек. Жалпы алғанда осы маңызды мәселені ашығырақ әрі бірігіп шешуді қолдаймыз», — деді Стивен Капус.
Бүгін Астана соты Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеген сыртқы істер министрлігінің шешімін құптап, Азаттықтың өтінішін орындамады. Азаттық шешімді апелляцияға беретінін мәлімдеді.
Бұған дейін халықаралық баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Азаттық тілшілеріне аккредитация беріп, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге үндеген.
Халықаралық журналистер федерациясы (International Federation of Journalists – IFJ), Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Азаттықтың 16 журналисіне аккредитация бермеуін сөз бостандығына жасалған шабуылға теңеп, Қазақстан билігін еркін баспасөз принциптерін қолдауға үндеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық