Сот шешімімен экс-президент үй қамағына жіберілді
Фото: freepik.com
Бразилияның жоғарғы соты бұрынғы президент Заир Болсонарды үй қамағына жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот экс-президентке ұялы телефонды пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар оның сөйлесуге болатын адамдарының санын шектеді.
Судья Александр ди Мораес үкімді 3 тамыз күні шығарды. 70 жастағы экс-президентке 2022 жылғы сайлауда жеңіске жеткен қарсыласының үкіметін құлату үшін қастандық жасады деген айып тағылды. Айыптауға сәйкес, экс-президенттің жақтастары Бразилиядағы конгреске, Жоғарғы сотқа және президент сарайына шабуыл жасаған.
Тергеу ұзаққа созылып, ақыр соңы бұрынғы президент айыпты болып шықты. Судья оған электронды білезік тағуды, түнгі үй қамауын сақтауды міндеттеді. Экс-президент «демократиялық құқықтық тәртіпті жоюға ұмтылды» деген айыптауды жоққа шығарды.
Айта кетейік, маусымда Бішкектегі Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танып 11 жылға соттады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық