Сот шешімі: Тіс емдеген халық МӘМС төлемін жасағанына қарамастан анестезия үшін қосымша ақы төлей ме?
Фото: көрнекілік үшін
Сот талқылауы Медициналық сақтандыру қорының пайдасына шешілді - Астанадағы стоматологиялық клиникалардың бірінен анестезия қызметі үшін ақша талап етілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жақында тіс дәрігерлері анестезия қызметі үшін қорды сотқа берді. Олар көтеріп отырған басты мәселе - қаржыландыру схемасын өзгерту. Тіс дәрігерлері анестезияны өз қызметтеріне енгізді, бірақ аудиторлық тексеруден кейін МӘМС қоры ол үшін төлеуге тиіс еместігін айтып, ақшаны қайтаруды талап етті.
«Қордың өзі бұған дейін осы қызметтерге қол қойып, келіскеніне қарамастан сот бұрын төленген анестезия қызметтерін толық көлемде өндіріп алды», - деп атап өтті адвокат Дәнелхан Шағатаев.
Мемлекеттік аудит клиникалар қызмет көрсету құнын 2,1 млрд теңгеге заңсыз арттырғанын анықтады.
МӘМС енді қаражатты қайтаруды талап етеді, бірақ тіс дәрігерлері бұл түсініктерді бұрмалау деп атады, себебі анестезия - қызмет, ал анестетик - дәрі. Дәрі-дәрмектер өз алдына барлық заң талаптарына сай төленген.
«Өкінішке қарай, шешім шығаруға Денсаулық сақтау министрлігінің өзінің бұйрықтарына қайшы келетін түсініктемесі негіз болды. Қор өз талап-арызын сыртқы аудит жүргізілгендігімен негіздеді. Бұзушылықтар анықталды. Қор қарсылық білдіруге тырысты, бірақ Жоғары аудиторлық палатаны сендіре алмады. Осыған орай қор аудиторлық қорытындыға шағымдануды тоқтатты», - деп атап өтті адвокат.
Бұл дәрігерлерді қатты таң қалдырмады - олардың айтуынша, сот, барлық мемлекеттік құрылымдар сияқты, жүйенің айтқанымен жүріп, айдағанына көнеді.
«Қорды Жоғары аудиторлық палата мен Денсаулық сақтау министрлігі қолдап отырғанда, мемлекеттік орган ретінде сотты сендіру қиын екені белгілі», - деп мәлімдеді Шағатаев.
Бұл іске әлі нүкте қойылмады. Тіс дәрігерлері мониторинг нәтижелерін, аудиторлық қорытындыны және ДПҚ ұйғарымдарын даулай отырып, жаңа талап-арыз дайындауға бел буды.
Егер сот қордың ұстанымын түпкілікті қолдаса, тіс дәрігерлері анестезиясыз жұмыс істеуді таңдайды немесе пациенттердің оны жеке төлегенін талап еткенен басқа амалдары жоқ.
Бұл тегін медициналық сақтандыру қағидаттарын бұзады. Сондай-ақ, жеке меншік клиникалар МӘМС бойынша жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін және балалар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған тегін тіс емдеу ендігі жерде тек түске кіретін болады.
Мәжіліс депутатының хабарлауынша, бірыңғай медициналық көмек пакетін қалыптастыруды және мемлекеттік міндетті әрі тегін медициналық көмек көлемін екі есе азайтуды көздейтін заң жобасы әзірленіп, 2027 жылға дейін бекітілмек.
2024 жылы сақтандыру жүйесін өзгерту жайлы петиция жарияланып, көптеген азаматтар МӘМС аясында медициналық қызмет алмайтынына шағымданған болатын.
Тамыз айында ресми платформаларда МӘМС жүйесіне қатысты жаңа петиция жарияланды.
Бұның бәрі премьер-министр Олжас Бектеновтің 2024 жылдың басында үкімет мүшелерінің басын қосып, өткізген кеңсіндегі: «МӘМС жүйесі елеулі қайта жүйелеуді қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», деген тапсырмасынан басталса керек.
Жаңалықтар
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды