«Ақшаны шаша бермеңдер» Бектенов алғашқы отырысында не деді?
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін үкімет мүшелерінің басын қосып, кеңес өткізді. Баяндамаларды тыңдап, нақты министрлер кабинеті мүшелеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қаржы–экономикалық блок министрлерін тыңдап болған соң премьер-министр бюджет шығыстары тек ғана экономикалық табыс әкелуі тиіс, ал өнімсіз шығыстар жойылуы керектігін атап өтті.
«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және 1 ай ішінде барлығына ревизия жүргізуі тиіс. Аса маңызы жоқ шығыстарды қысқартып, ақшаны шаша бермеу керек», – деді Олжас Бектенов
Сонымен қатар премьер-министр салық кодексін қайта жасап, оны өзгерту керектігін атап өтті.
«Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтары пікірлерін ескеруіміз керек. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына және оны ұлғайтуға ынталандыру керек», - деп тапсырма берді ол.
Премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай «өсу» қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау керек екенін жеткізді. Өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беру үшін вице-министр Роман Склярға 10 күнде барлық ірі өнеркәсіп, бірінші кезекте өндіруші саладағы өнеркәсіп иелерімен келіссөздер жүргізуді тапсырды.
«Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек», — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Бектенов өнеркәсіпті энергиямен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан қосымша генерацияны қосу керек. Бектенов егер тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытынды жасалатынын айтты. Су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша премьер-министр жауапты экономика салаларында суды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар кешенін дайындауды және су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды бір қарап шығуды тапсырды. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу туралы бір ай көлемінде жеке инвестициялар тарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуді талап етілді.
Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлар мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді», — деп атап өтті премьер-министр.
Әлеуметтік блок мәселесіне тоқтала отырып, ең алдымен МӘМС қажеттігіне назар аударылған.
«МӘМС жүйесі елеулі қайта жүйелеуді қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», — деді Бектенов.
Отырыс барысында цифрлық трансформацияны жүргізу, көлік және ауыл шаруашылығын дамыту, «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» атты ұлттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды қолдау мен мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті реформалау жөнінде тапсырмалар берді.
«Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бектеновтың айтуы бойынша формализм мен бюрократиялық сарсаңға салуды жойып, стереотиптен айырылу керек.
«Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», – деп қорытындылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық