Сот «Орда» редакциясының бас редакторын үйқамақтан шығарудан бас тартты
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы адвокат Мұрат Адамның жеке шағымын қарады. Ол Гүлнәр Бажкенованы үйқамақтан шығаруды сұраған еді. Алайда сот бұрынғы шешімді өз күшінде қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шағым нәтижесі туралы Мұрат Адам Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, 1 желтоқсанда Гүлнәр Бажкенованы ұстағанда және оған үйқамаққа қамау барысында бірқатар заңбұзушылықтар жіберілген.
«Біз барлық құжатты, дәлелді, уәжді ұсындық. Бірақ апелляциялық сот бір де бір сұрақ қоймады, біз көрсеткен заң бұзушылықтардың ешқайсын тексеруге де тырыспады.
Біздің Фемида меңіреу қара тасқа айналғандай: құлағы да, көзі де, тілі де жоқ. Тыңдағысы келмейді, көргісі келмейді, түсінгісі келмейді. Тіпті Гүлнәр Бажкенованы үйқамақта қалдыру туралы шешімнің себебін де түсіндіру қажет деп таппады. Сонда мұны түсіндіру соншалық қиын ба? Шешім жоғарыдан дайын күйінде түскен сияқты. Артық сөзсіз, түсіндірмесіз, әділдіктің нышаны да жоқ», — деп жазды адвокат.
Айта кетейік, ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазғанбыз. Ал 1 желтоқсан күні «Орда» редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамап, пәтері мен кеңселеріне тінту жүргізілді. Қазіргі жүйенің еркін адамдарды қамап, бұғауда ұстауы жалпы қоғамды қалай құлдырататыны жайлы материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық