Сот Алматыдағы жол апатына себепкер болған Әнел Сартаеваның жазасын кейінге қалдырды
Коллаж: Orda.kz
Алмалы аудандық соты Алматыда болған атышулы автобус апатына кінәлі Әнел Сартаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға биыл жазда болған. Orda.kz тілшісі жаңа туған сәбиге анасынан айырылу қалай әсер ететіні жайлы психотерапевт маманнан сұхбат алып және жол апатының себептері жайлы мақала жазған болатын. Ақыры сот сәбидің жағдайын ескеріп, бала 3 жас 9 айға толғанша жазаны кейінге шегерді.
Әнел Сартаева мінген көлік алдынан кесе көлденең шыққан соң, автобус оған қақтығысып тротуарға шығып, дүкенге соғылды. Жол апаты кезінде бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Сотта Сартаева өз кінәсін мойындап, түрмеге қамамауды өтінді. Қаза тапқан жолаушының ұлы айыпталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қоймады.
Сот үкімімен Сартаева ҚК 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды және оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкімнің орындалуы бала 3 жас 9 айға толғанша кейінге қалдырылды.
Айта кету керек, Әнел Сартаева Salem Social Media медиа-компаниясының продюсері, ол «5:32», «Эскорт», «1286» секілді танымал сериалдарға продюсерлік еткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық