Сорбұлақта жоғалған тікұшақ: Туыстары құдайдан тілеп, үміт үзбей күтіп отыр
Фото: Orda.kz
Сорбұлақ су қоймасының маңында жоғалған Қорғаныс министрлігінің тікұшағы мен оның экипажын іздеу шаралары әлі жүріп жатыр. Іздеу орнына жиналған туыстары: «құдайдан тілейміз, аман табылса екен» деп үміттерін үзбей отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы аумағында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ пен оның экипажын іздеу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Әуе көлігі 25 шілде күні радардан жоғалып кеткен еді.
Оқиға орнында ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Жұмысқа барлығы 200-ге жуық құтқарушы мен әскери қызметкер, 40 техника, 15 жүзу құралы, 4 кинологиялық есеп және МЧС-тің 2 тікұшағы қатысты. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен суасты дрондары қолданылып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отар кенті маңындағы байланыс үзілген тікұшақ Сорбұлақ көлінің маңында апатқа ұшырауы мүмкін деген болжам жасалған. Жедел штабтың ғарыш мониторингі кезінде су бетінде май тәріздес дақ байқалған. Бұл аудан дереу тексеріле бастады.
Нәтижесінде, Сорбұлақ су қоймасының акваториясынан Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі болуы мүмкін тікұшақтың фрагменттері табылды.
Экипаж мүшелерінің туыстары іздеу орнына келіп, көз жасын тыя алмай, «Құдайдан тілейміз, аман-есен табылса екен» деп отыр. Жоғалған тікұшақта үш ұшқыш болғаны алдын ала хабарланған.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің құтқарушылары іздеуді күндіз-түні жалғастырып жатыр. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, жоғалған әскери тікұшақта бір отбасының жалғыз ұлы ұшқаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық