Бахтиёр Зайнутдинов ресейлік «Динамо» клубының ойыншысы атанды
Фото: Инстаграм Бахтиёр Зайнутдинов
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубынан Ресейдің «Динамо» Мәскеу командасына ауысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл трансфер арқылы Зайнутдинов бұрынғы бапкері Валерий Карпинмен қайта табысты. Футболшы бұған дейін Карпиннің қол астында «Ростов» клубында ойнаған болатын.
Мәскеулік клуб Зайнутдиновтің ауысуын әлеуметтік желіде жариялап, қазақстандық ойыншыны ресми түрде қарсы алды.
Өткен маусымда Бахтиёр Зайнутдинов Түркия чемпионатында «Бешикташ» сапында өнер көрсетті. 12 матчқа қатыстя. Бір мәрте командасындағы ойыншыға пас берді. Онысы нәтижелі болды.
Осылайша, 27 жастағы тараздық футболшы Ресей Премьер-лигасына қайта оралды. Бұған дейін ол Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсеткен. 2023 жылдың тамызында Зайнутдинов «Бешикташпен» келісімшартқа отырған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының ойыншысының трансферлік құны — үш миллион еуро.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған қылмыстар әшкереленгені жайлы жазған еді. Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарын прокурорлардың тексеруінің нәтижесінде 3 млрд теңгедей қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық