Бишімбаевтың алимент төлемеу үшін мүлкін басқаларға аударғаны белгілі болды
Коллаж Orda.kz
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алиментті азайту үшін өз атына тіркелген мүліктерді өзгелерге рәсімдегені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Назым Қахарманның адвокаты Бибінұр Мұратова айтып берді.
2020 жылы Бишімбаев пен оның бұрынғы жары Назым Қахарман үш балаға алимент төлеу туралы келісімге келген. Алайда арада бірнеше жыл өткен соң, экс-министр сотқа арыз жазып, өзінің қаржылық жағдайы нашарлағанын айтып, алиментті азайтуды сұраған.
«Сотта біз оның мүлкі бар екенін дәлелдедік. Қылмыстық іс кезінде де, қазір де ол иелік еткен дүние-мүлік болған. Бірақ ол мүлікті басқалардың атына аударды», – дейді адвокат.
Яғни Бишімбаев мүлкін сыйға беру арқылы өз атынан шығарып тастаған. Бірақ бұл айла соттан өтпеді. Сот оның әрекетін «алименттен жалтару» деп бағалап, арызын кері қайтарды.
«Ол алимент мөлшерін бірнеше есе азайтуды талап етті. Сот бұл талапты қанағаттандырмады», – деді Мұратова.
Енді Бишімбаев балалар кәмелеттік жасқа толғанша алиментті бұрынғы берген ақшасын төлей беруге міндетті.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен Назым Қахарман 14 жыл отасқан. Қазіргі уақытта экс-министр азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық