СҚО-да жол апатынан Германия азаматы мен оның қызы қайтыс болды
Фото: Бейнеден кадр
1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Челябинск – Новосибирск тас жолында жан түршігерлік жол апатынан Германия азаматы мен оның қызы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қарт ерлі-зайыпты мен олардың қызы, күйеу баласы (Германия азаматтары) мінген Мазда көлігіне қарама-қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet көлігі соқтығысқан. Соққыдан Мазда артында келе жатқан Lexus-570-ке соғылды.
«Апат салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Жол апатынан 73 жастағы Германия азаматы мен оның 48 жастағы қызы қаза тапты. Оның жұбайы мен күйеу баласы қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар да ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға себеп болған 28 жастағы Chevrolet көлігінің жүргізушісі де ауруханада жатыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.
Айта кетейік, Аягөзде жүргізуші куәлігі жоқ 21 жастағы жігіт 6 жастағы баланы көлікпен қағып өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық