СҚО-да жас жігіт жұмысының ақысын төлемей жүрген ауылдасын атып өлтірді
Фото: Pixabay
Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында болды. Жергілікті тұрғын мас кезінде жалақысын төлемей жүрген фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мессенджерлерде таратылған хабарламаларда айтылғандай, ауыл тұрғыны қатты ішіп алып, жергілікті фермердің үйіне келген. Бұл оқиға 31 қазан күні сағат 22: 00-де болған. Оның келгендегі себебі ала-алмай жүрген жалақысын сұрау еді.
«Докучаево ауылының тұрғыны «БурБат» ЖШС директорының үйіне істеген жұмысының ақысын қашан төлейтінін білу үшін келген. Кәсіпкер үйінен оқталған мылтығын алып шығып, қорқыту үшін ауаға оқ атқан. Жұмыскер оның мылтығын жұлып алып, басынан және ішінен екі рет атып жіберген» деп жазылды ғаламторда таратылған хабарларда.
Алған жарақатынан фермер қайтыс болды. Ауыл тұрғыны қашып кетпей, полицияны күтіп отырған.
«Оқиға кең резонанс туғызды. 22 жастағы күдікті ұсталды. Полиция Докучаев ауылының 52 жасар тұрғынының қазасының себебін анықтауда», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі марқұмның отбасына көңіл айтты.
Еске салсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жұмысқа орналастыру саласындағы қылмыскерлердің белсенділігінің артында құлдыққа түсу қаупі бар екенін ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық