СҚО-да бөгетті нығайтуға көмектескен баланың ата-анасына айыппұл салынды
Фото: бейнеден кадр
Тепличное ауылындағы су тасқыны кезінде бөгетті нығайтуға көмектескен 10 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме беріп, жазаның себебін түсіндірді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, 34 жастағы аудан тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын қауіп-қатері жоғары аймақта көлік құралын басқаруға жіберген. Бала рульде отырып, топырақ толы қаптарды арнайы техникамен тасымалдаған.
«Оқиға кезінде 34 жастағы тұрғын баласын топырақ толы қаптарды тасымалдауға көмектесу үшін көлік басқаруға жіберген. Ниеті жақсы болғанын түсінеміз, ортақ іске үлес қосқысы келген.
Алайда мұндай әрекеттер, ең алдымен, заңға қайшы және сонымен қатар баланың да, айналасындағылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Бөгетте арнайы техника, полиция, құтқарушылар және әскери қызметкерлер жұмылдырылған. Бұл — қауіп жоғары аймақ», — деді Ғабдуллин.
Оның айтуынша, әкімшілік жаза тағайындаудың мақсаты — жазалау емес, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алу болған.
Баланың әкесіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Бұл бап 50 айлық есептік көрсеткіш (196 600 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың қолшоқпары 12 жылға сотталып, сотта ол «Назарбаевтың ұрпағын сотта көргіміз келеді» деп талап еткені туралы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық