Өскемен тұрғындары қанды аялдамадан қорқып отыр

cover Сурет www.instagram.com/uka.obiavleniia/ алынды

Өскемен тұрғындары қанды жылы аялдамадан шошып отыр. Куәгерлер оның суретін ғаламторға жариялаған. Өскемендегі аялдамада нақты не болғанын полиция айтты, деп хабарлайды ORDA YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретте еденде және жылы аялдамадағы орындықтар қанға боялған. Онда не болғанын Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті айтып берді.

«27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны дене жарақатымен медициналық мекемеге жүгінді. Аялдаманың жабық павильонында оның танысы екеуінің арасында жанжал болып, дене жарақатын алғандығы анықталды», - деп хабарлады ПД.

Күдіктінің анықталғандығы, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар