Шымкенттік бір келіншек жүкті әйелдерді тақырға отырғызды
Фото: freepik.com
Шымкент қаласының прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде бір әйелдің заңсыз ісін анықтады. Оның жымысқы әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған. Ол жүкті әйелдердің атына заңсыз әлеуметтік төлемдер рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.
Ол заңсыз іс-әрекетке барып, мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келтірген.
«Бұл оқиға бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Бас прокуратура.
Еске сала кетейік, сәуір айында Шу қаласындағы көпбейінді ауруханада ана мен бала өлімі тіркеліп, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Перзентханаға өз аяғымен барған 26 жастағы Әдемі Ешенәлиева сәбиімен қоса жұмбақ жағдайда көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тергеу бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық