Шымкенттегі ауруханада жатқан Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды
Фото: Марғұлан Сейсембаевтың Facebook парақшасынан
Желіде оқ тиіп жараланып, ауруханада жатқан Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің фотосы пайда болды. Суретті танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бизнесмен айтып өткендей, Шымкентке сапары кезінде ол Руслан Берденов жатқан ауруханаға арнайы барып, жараланған орынбасардың жағдайын білген. Оның айтуынша, Берденов өзін жақсы сезініп, сауығып келе жатыр.
«Руслан Берденов - мен жеке танитын және әдептілігі үшін құрметтейтін жалғыз саясаткер. Оған жақында қастандық жасалды, бірақ, Аллаға шүкір, ол аман қалды. Қазір оның денсаулығы, көңіл-күйі жақсы. Бәрі жақсы болғанына өте қуаныштымын» деп жазды Марғұлан Сейсембаев.

Руслан Берденовке қастандық 21 сәуірде жасалды. Шенеунік әкімдік ғимаратынан шығып бара жатқанда оған бес рет мылтықтан оқ атылған. Берденов үш оқ жарақатын алып, сол күні оған ота жасалды. Атқан адам бұрынғы әкімнің орынбасары Ернар Жиембай. Ол қамауға алынды.
Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде шабуыл себебі ретінде күдіктінің әйелімен байланысты қызғаныш жайлы нұсқа тараған болатын.
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін Руслан Берденовтің ауруханадан шығарылуы мүмкін екені белгілі болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық