Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен босатылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол әріптестеріне, қызметте серіктес болған азаматтарға алғыс айтты.
«Құрметті әріптестер, достар, Шымкент қаласының жастары! Бүгіннен бастап Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығындағы» басшылық қызметімді ресми түрде аяқтаймын. Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды. Осы уақыт ішінде бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріме, сенім білдірген басшылыққа және қолдау көрсеткен серіктестерге зор алғысымды білдіремін. Жастармен жұмыс істеу – менің жүрек қалауым әрі өмірлік ұстанымым. Осы салада жүзеге асқан әрбір жоба мен атқарылған әрбір іс мен үшін аса құнды» деп жазды Марат Спатаев.
Сонымен қатар, ол жастардың болашағына үлес қосу бағытындағы ізденісі мен еңбегі әрі қарай жалғаса беретінін атап өтті.
Еске сала кетсек, Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығының» интернетте орталықтың желідегі парақшасына лайк баспаған қызметкерлерге басшылық ашық қысым жасап, жазбаша және ауызша ескерту берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық