Лайк баспағандарға «ескерту»: Шымкенттің жастар орталығында дау шықты
Фото: Азат Дидарбектің парақшасынан алынған
Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығының» интернетте орталықтың желідегі парақшасына лайк баспаған қызметкерлерге басшылық ашық қысым жасап, жазбаша және ауызша ескерту берді, деп хабарлады Orda.kz.
Бұл жөнінде ақпаратты журналист Азат Дидарбек жазды.
«Жастар орталығы қаламыздың жастар мәселесін шешеді дегенге сеніңкіремейтін едік, енді лайк басқан-баспаған қызметкерлерін тізіп, тексеріп, өздері хатта жазғандай «ескерту» жасап, жұмыс істеуге кедергі келтіріп жүрсе... Бұл іс түбі оңбайды.. Бүгін (16 сәуір – ред.) осындай қысым көре берген орталық қызметкерінің мазасы қашып, құлап қалып, жедел-жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмекке жүгінуіне тура келді!» деп жазып, жергілікті әкімдіктерді белгілеп, осы мәселеге назар аударуды сұрады




Qaz365.kz сайты Шымкент қалалық ішкі саясат және жастарістері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлованың сөзін жариялады.
«Мен осы жайлы жазбалар жарияланғаннан бастап хабардармын. Өзіме жұмыс жоспарын белгіледім. Жағдай бойынша әділетті және обьективті шешім қабылданады», — деді Әйгерім Жұмағұлова.
Еске сала кетсек, биыл мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде ақпарат тарататындарға үндеу жасаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық