Шымкентте ХҚКО-ның бұрынғы басшысының не себепті тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды
Фото: Жомарт Мұрәшімовтің Facebook парақшасынан
Шымкенттегі тергеу изоляторында ХҚКО-ның бұрынғы басшысы Жомарт Мұрәшімов қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін Мұрәшімовтің гипертония, бронх демікпесі және остеохондроз аурулары болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
18 тамызда Жомарт Мұрәшімовтің жағдайы күрт нашарлаған. Оның қысымы 240/120-ға дейін көтеріліп, цереброваскулярлық жедел бұзылыс пайда болған. Ол дереу нейрореанимацияға жатқызылған. Бірақ науқас 19 тамызда таңертең көз жұмады.
Жомарт Мұрәшімовтің адвокаты Талғат Есімовтің айтуынша, ол қорғауындағы адамның жансақтау бөліміне түскенін айтқан. Алайда сот оны үй қамағына жіберуден немесе кепілге беруден бас тартқан. Сондықтан марқұмның жақтастары изолятор медбикесінің әрекетін және тергеу соттарының жұмысын тексеруді талап етіп отыр.
Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі тұтқындарды денсаулық жағдайы бойынша босату ережелеріне өзгерістер жобасын талқылауға шығарды. Босатуға негіз бола алатын диагноздардың жаңартылған тізімі «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Ол 5 қыркүйекке дейін қолжетімді.
Еске салайық, Жомарт Мұрәшімов жүргізуші куәліктерін сатты деп айыпталып, күдікті ретінде танылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық