Шымкенттегі тергеу изоляторында бұрынғы ХҚКО-ның басшысы қайтыс болды
Фото: Жомарт Мұрәшімовтың Facebook парақшасынан
Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында екінші арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы жетекшісі Жомарт Мұрәшімов көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол жүргізуші куәліктерін сатты деп айыпталып, күдікті ретінде танылған болатын. Қаралы хабарды оның адвокаты Талғат Әсімов хабарлады.
Мұрәшімов жансақтау бөлімінде жатқан. Адвокаттың айтуынша, денсаулығының нашарлағанына қарамастан, сот оның жазасын бұлтартпау шарасымен үйқамаққа немесе кепілге алмастырудан бас тартқан.
«Медициналық құжаттардың бәрін көрсетіп, соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді дәлелді түрде сұрадық. Тергеу сотының судьясы изолятордың медициналық бөлімшесінің басшысы Мұхит Танабековті сұраққа тартты. Ол Мұрәшімовтың денсаулығы қадағалануда деп жауап берді. Ал судья қаулысында адвокаттардың уәждерін негізсіз деп көрсетті!» деп жазды адвокат Талғат Әсімов өз Telegram -арнасында.
Ол изолятордың медициналық бөлім басшысының әрекеттерін тексеруді және «тек ресми түрде қамау мерзімін ұзартатын» тергеу соттарының жұмысына назар аударуды талап етті.
Бұған дейін дәл осы Шымкенттегі тергеу изоляторында денсаулық жағдайына байланысты 73 жастағы жемқорлық ісі бойынша айыпталған Талғат Төлеуов те көз жұмған еді. Ол қамауда отырған уақытында қырық мәрте жедел жәрдем шақыртқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық