Шымкентте дәрменсіз қызды зорлаған ер адам 8 жылға сотталды
Фото: Pixabay.com
Шымкентте есту қабілеті нашар қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, оны зорлаған 28 жастағы ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта айыпталушыға қатысты үкім шықты. Ол жәбірленушіні қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді.
Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірмейтінін мәлімдеді. Алайда сот процесі барысында зардап шеккен қыз соттан айыпталушыға барынша қатаң жаза қолдануды сұраған болатын.
Аталған іс бойынша бастапқыда үш адам күдікке ілінген. Тергеу дерегінше, олардың бірі қызды зорлаған, ал екіншісі қылмысты біле тұра құқық қорғау органдарына хабарламаған. Негізгі айыпталушыға қатысты үкім шығарылды. Ал қалған екі азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, осыған дейін, 6 маусым күні Түркістанда мигранттар 16 жастағы қызды зорлап, кейін өлтірген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық