Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
Бейнеден скриншот
Шымкент қаласының Абай ауданындағы Ақторғай көшесінде бір жылға жетпей төселген жол жабыны шөгіп, ішінара опырылды, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті басылым Otyrar-ға сілтеме жасап.
Ақторғай көшесінде өткен жазда төселген асфальттың бір бөлігі опырылып түсті. Салдарынан екі жеке тұрғын үй сусыз қалды, ал көше бойындағы қозғалыс қиындады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шөккен аумақ бес күндей апатты жағдайда тұрған. Нөсер жауыннан кейін шағын шұңқыр ұлғайып, топырақ отырып кеткен. Соның салдарынан жерасты бөлігі зақымданып, құбыр жарылған. Нәтижесінде екі үй сусыз қалған.
Тұрғындар бұл көшеден балалардың күн сайын мектепке қатынайтынын айтып, олардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Айтуларынша, жолмен көліктің жүруі мүмкін болмай қалған.
Қазіргі уақытта бүлінген аумаққа топырақ төгілген. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында аталған жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.
Ведомствоның дерегінше, 2025 жылдың шілде–тамыз айларында көшеге жөндеу жұмыстарын Atash Trans Logistics мердігер ұйымы жүргізген. Асфальт-бетон жабынын төсеу алдында және негізді тығыздау кезеңінде сараптаманы Ұлттық сапа орталығы жүзеге асырған. Соған қарамастан, кейбір учаскелерде жабын шөгіп кеткен.
Басқарма өкілдері Ақторғай көшесінде бұған дейін кәріз құбырларын тарту жұмыстары жүргізілгенін түсіндірді. Асфальт жабыны дәл осы жұмыстар атқарылған жерлерде топырақтың отыруы салдарынан болған.
Анықталған ақаулар мердігер компания есебінен жойылады, себебі кепілдік мерзімі бес жылдан асады. Қалпына келтіру жұмыстарына дайындық басталып кеткен, толық аяқтау наурыз айының соңына жоспарланған.
Соңғы бес жылда Қазақстанда жолдарды жөндеу мен салуға 6 триллионнан астам теңге жұмсалғанымен, олардың сапасы тұрғындардың көңілінен шығып жатқан жоқ.
Ал ауыл арасындағы жолдар жергілікті бюджетке берілгендіктен олардың сапасын сөз етудің өзі артық екені баршаға мәлім.
Оқи отырыңыз:
- «Жол сапасына 20 мың шағым»: 6 триллион жұмсалған Қазақстан жолдарының сапасы
- 2026 жылы елімізде ақылы жолдар саны өседі
- 2026 жылы еліміздің қай жолдары жөндеу көретіні белгілі болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық