Шымкентте 11 көлік ұрлаған күдікті ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Шымкенттегі 11 көлік ұрлаған күдіктіні ұстағандарын мәлімдеді.
«Шымкенттік полицейлер бір үлгідегі 11 жеңіл көлікті ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Соңғы 4 айда Шымкент қаласының тұрғындарынан полицияға Daewoo Nexia маркалы автокөліктің ұрланғандығы туралы арыз түсе бастаған. Айта кету керек, барлық ұрланған көліктер дабыл белгісімен жабдықталмаған және жарықтандыру мен бейнебақылау камералары жоқ аулалардан ұрланған», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, қылмыстық іздестіру кезінде тергеушілер барлық фактілерді жан-жақты зерделеген. Сыртқы бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар алынып, зерделеніп, олар бойынша барлық оқиғалардың хронологиясы қалпына келтірілген.
«Нәтижесінде, қылмысты байқатпау үшін көліктерді таңертеңгі сағат 4-тен 6-ға дейін бір адам ұрлағаны анықталған. Ол қалаға кешкі сағат 8-де келіп, қауіпсіздік жүйелері бойынша нашар автокөліктерді іздеген. Жүргізілген ауқымды жедел-іздестіру жұмыстарынан кейін, көлік ұрлығына күдіктіні Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері анықтап, ұстады», - деді Н. Ораз.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмысқа ықтимал қатысушылар анықталуда.
«Кейін оның қарапайым сызғыштың көмегімен автомобильдерді ашқаны белгілі болды. Содан кейін ол оталдыру құлпын ашып, қозғалтқышты іске қосып, машинаны мініп кетіп отырған. Сонымен қатар ол көліктердің нөмірлерін шешіп, оның орнына интернет арқылы сатып алынған Ресей Федерациясының жалған нөмір белгілерін таққан. Ұрланып, басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, 2 автомобиль бөлшектеліп сатылғаны анықталды. Қалған 3 автокөлік әлеуметтік желілер арқылы сатылған, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасады», - деді ресми өкіл.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды