Шымкент мұнай өңдеу зауытында апаттан екі адам қаза тапты
Фото: «Самұрык-Қазына» сайты
Шымкент мұнай өңдеу зауытында автокөтергіштің аударылуы салдарынан мердігер компанияның екі қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан мұнай-газ ассоциациясының telegram-арнасы PetroCouncil мәліметінше, қайғылы оқиға 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында зауыт аумағында болған.
«Изоляция жұмыстарын орындау кезінде автокөтергіш аударылып, екі адамның өліміне себеп болды. Жұмысты мердігер ұйым – „КРС Астана“ ЖШС жүргізген. Қаза тапқандар осы ұйымның изоляциялау мамандары. Оқиғаның себебін жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. „ПКОП“ ЖШС басшылығы марқұмдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады», деп хабарлады компания.
Қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, тамыз айында Костенко шахтасында болған апаттан 46 кенші қаза тауып, инженерлік-техникалық персонал мен басшылар сотталған еді.
Жаңалықтар
- ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?
- Он жылдық қорлық: Астанада туған жиенін зорлады деп айыпталған ер адам жауапқа тартылмай қалды
- Елімізде білім грантына өтініш қабылдау басталды
- Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
- Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
- «BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
- ӘЧ-2026: Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады