«Костенко» шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: Прокурор қандай жаза сұрады?
Фото: Orda.kz
Қарағанды облыстық сотында «Костенко» атындағы шахтадағы жарылыс ісі бойынша жарыссөздер өтті. Прокурор айыпталушыларға берілуі тиіс жаза мерзімдерін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылар орындығында – шахтаның он басшысы және инженерлік-техникалық құрам өкілдері отыр. Олардың арасында шахта директоры, бас инженер, желдету және конвейерлік көлік учаскелерінің бастықтары бар.
Барлығына ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша айып тағылған.
Прокурор төрт фигурантқа сегіз жыл түрме жазасын, қалғандарына алты және жеті жыл колонияға жіберу жазасын сұрады.
2023 жылдың қазан айында «Костенко» шахтасында 46 адам қаза тауып, тағы 28 адам әртүрлі жарақат алған еді. Ол кезде Қарағанды облысындағы көмір шахталары ArcelorMittal Temirtau компаниясына тиесілі болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық