Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды

cover Фото: Бас прокуратура

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласы прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол – 3-санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі. Елдос Сағиев прокуратурадағы еңбек жолын Ақмола облысы Шучинск ауданында прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған.

Кейін әр жылдары экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда жұмыс істеді. Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде де жетекші лауазымдарда болды.

2022 жылдың тамыз айынан бері Бас прокуратурада сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметін басқарды.

Қызметтегі еңбегі үшін «Ерлігі үшін» медалімен, II дәрежелі «Айбын» және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар