Шымкент қаласында шектеу шаралары күшейтілді
Отырар
Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (ауыз ашар, еске алу, туған күн, мерейтой, қоштасу, той, беташар және т.б.).
65 жастан асқан адамдардың қала бойынша қозғалысы шектелді.
Тұрғындар қоғамдық орындарға, оның ішінде қоғамдық көліктерге барғанда маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға міндетті.
Кеңсе қызметкерлерінің 50% қашықтықтағы жұмысқа ауысады.
Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардың, жәрмеңкелердің жұмыс күндері жұмыс уақыты 6.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Банкет залдарының, аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.
Спа-орталықтар, косметологиялық қызметтерді ұсынатын сұлулық салондары жексенбіде жұмысын уақытша тоқтатады. Қалған күндері сағат 9.00-ден 23.00-ке дейін алдын ала жазылу арқылы жұмыс істейді.
Кезекші топтарды қоспағанда (20 адамнан аспайтын) балалар сауықтыру лагерлерінде және мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істеуге тыйым салынады.
Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен цирктердің жұмысына да тыйым салынған. Көңіл көтеру орындары - караоке, бильярд бөлмелері, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және т.б. тыйым салынған.
Сауда-ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін сыйымдылығы 30%-дан аспайтын адам жұмыс істей алады.
Жаңалықтар
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды
- Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады