Шымкент әкімдігі Берденовтің оқиғасы туралы мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден кадр
Шымкент қаласы әкімдігі әкімнің орынбасарына оқ атылған күн жайлы айтып берді. Сонымен қатар әкімдіктің оқиғаға қатысты әлі күнге дейін неге үнсіз отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала билігі полицейлердің ісіне араласпайтынын айтты. Сондықтан егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты. Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған түрлі ақпараттар шындыққа жанаспайды.
«Қылмыскердің бұл қылмысқа баруының әртүрлі себептері талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Тергеу бұл іске нүкте қояды», — деді Берденовтің әріптесі.
Сәрсен Құранбек оқиға болған күні әкім мен барлық орынбасары жұмыста болғанын айтты. Олар ауруханаға барып, отаның аяқталғанын күткен. Қала әкімі ауруханада түнгі 2 жарымға дейін болыпты.
Айта кетейік, 21 сәуір күні кешке Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Экс-депутатқа 4 сағат бойы ота жасалды. Ол қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкенттің әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады