«4 сағат ота жасалды»: Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды
Фото: Бейнеден кадр
Кеше, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын атып кетті. Қарулы шабуылға ұшыраған экс-депутаттың жағдайы қазір ауыр, бірақ бір қалыпты, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент әкімінің орынбасарына төрт сағатқа созылған ота жасалды. Оның өміріне қауіп жоқ.
Еске сала кетейік, шенеунікке аңға шығатын мылтықпен үш рет оқ атылған. Оқ оң жамбасы мен иығына тиген. Шабуыл жасаған күдікті әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметкері Ернар Жиенбайұлы ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Әлеуметтік желіде ер адамның Руслан Берденовті не үшін атқаны туралы түрлі ақпарат тарап жатыр.
«Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкімнің орынбасары күдіктінің жұбайына тиіскені себепті шабуыл жасалған деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, екі оқ тиген Берденовке бұған дейін қоқан-лоққы көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық