«Шығын — 421 млн теңге»: Ақтөбеде құрылыс компаниясы 75 үлескерді тақырға отырғызды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты «Алаяқтық» бабымен айыпталған құрылыс компаниясына қатысты істі қарауды бастады. Компания үлескерлердің сеніміне кіру үшін тұрғын үйдің құрылысын жартылай бастап қойған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласында екі бірдей тұрғын үй құрылысын аяқсыз қалдырған компания басшысы «Алаяқтық» бабымен айыпталды. Оған қатысты ҚК-тің 190-бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тергелген істің сотта алғашқы тыңдалымы өтті. 32 томдық істе 75 жәбірленуші бар. Шығын — 421 млн теңге. Сотта прокурор айыптау актісін оқыды.
Іс материалдарына сүйенсек, 2013 жылы сотталушы Нұрлан Каус облыстық «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрады. 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облысында жаппай көпқабатты тұрғын үй салынып жатқанын көріп, сотталушы Каус тез пайда табуды жоспарлайды.
«Адамдардың сеніміне кіріп, 2018 жылы Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімінен нысанды жоспарлауға рұқсат алады. 2019 жылы 42 пәтерлі 5 қабатты үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алған. Құрылысты 2020 жылы аяқтауды міндетіне алады. Сонымен бірге 2019 жылы құрылыс-монтаж жұмысы туралы хабарлама алып, 109 пәтерді 5 қабатты үй салуға келісім алады. Бұл үйді 2021 жылы бітіруі тиіс. Кейін Каусов 1 шаршы метрінің бағасы әлдеқайда жоғары екенін біле тұра әр шарты метрін 90-130 мың теңге деп көрсетеді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің норма талаптарын бұзып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ЖШС-мен келісімшартқа қол қояды. Ол ЖШС-нің де директоры мен құрылтайшысы өзі. Үлескерлердің сеніміне кіру үшін құрылысты жартылай жүргізіп қояды. Бір үйдің жертөлесін қазып, іргетасып құю үшін 131 млн теңгеден астам қаржы, екінші нысанда жертөлесі қазылып, іргетасын қалау, бірінші қабатын көтеру үшін 105 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Сотталушы Қаусов үлескерлерден барлығы 421,9 млн жиналды. Оның 237 млн теңгесі құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалды. Қалған 184 млн теңгесін өзі иемденіп алған», - деді прокурор Кузенбаев Куаныш.
Сотталушы процесуалдық келісім жасауға келісті, тағылған айыпты мойындады. Сотталушы үлескерлерге ақшаны қайтару үшін тағы бір-екі жыл сұрады. Сот іс жалғасып жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық