Шымкентте мұғалімнен 1,2 млн теңге бопсалаған блогер кім?
Фото: Pixabay.com
Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияға жалпы білім беретін мектептердің бірінің мұғалімі жүгінген. Оның айтуынша, блогер өзінің танымалдығын пайдаланып, ол туралы масқаралайтын ақпарат жариялаймын деп қорқытқан. Ал ақпаратты таратпау үшін 1,2 миллион теңге талап еткен.
«Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ірі ақша бопсалады деген күдікпен С. есімді азаматты ұстады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, соңғы кезде блогерлердің қарапайым немесе танымал тұлғаларды бопсалауы жиі болып кетті. Соңғы рет 8 наурызда Тараздық блогер әрі «Болашақ плюс KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Жүндібаев ұсталды деген ақпарат тарады. Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасына спорт кешені директорының 2 500 000 теңге талап ету және бопсалау фактілері анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық