Швеция халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйелді экстрадициялады
Швеция билігі Қазақстанға жалған шетелдік банкноттарды ірі көлемде сатты деген күдікті әйелді экстрадициялады, деп хабарлайды Orda.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Швеция Әділет министрлігі Қазақстан Бас прокуратурасының іздеуде жүрген азаматша Б-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды.
Тергеушілердің мәліметінше, күдікті 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың қаңтары аралығында Қазақстандағы банктердің бірінің қызметкерлерінің көмегімен жалған еуро банкноттарын заңсыз айырбастаған.
Қылмыстары анықталғаннан кейін ол қазақстандық сот төрелігінен жасырынып,шетелге қашып кеткен, одан кейін халықаралық іздеуге жарияланған. Оның сыбайластары да әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
22 наурызда Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласы түзеу мекемелері департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұндай қылмыс жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық