Павлодарда ақша жымқырған жүкті әйел мейрамхананы «бомбалады»
Фото: Pixabay.com
Павлодарда мейрамханада бомба қойылғаны жайлы жалған ақпарат берген жүкті әйел 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылы жаңа жылдық іс-шараға қараша айынан жиналған ақшаны өз пайдасына жұмсаған әйел, белгіленген уақытқа дейін жинауға үлгеремін деп ойлаған. Алайда ақша тауып үлгермей, шарасыздықтан «Інжу» мейрамханасында бомба қойылғаны жайлы хабарлады.
«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде сол күні полиция Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Павлодарлық әйел ескі SIM-картаны пайдаланып, қоңырау шалған. Сосын орнына жаңа SIM-карта салып алған. Сотта үш баланың анасы және қылмыс жасаған кезде жүктіліктің 8 айындағы әйел — қылмысын мойындады.
Бұған дейін Павлодарда күйеуі өз әйелін әдейі көлікпен қаққан болатын. Салдарынан әйелдің аяғын кесіп тастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық