Шонжыда 12 жасар қызды зорлаған зейнеткер туралы тың дерек шықты
Шоңжа №5 орта мектебі фото: Orda.kz
Қыз балаға бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 72 жастағы зейнеткер уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Оқиға Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында болған. 72 жастағы ер адам 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қыз ауылдағы № 5 мектептің алтыншы сыныбында оқиды. Білім ошағының директоры Лейла Таипованың айтуынша, баланың мінез-құлқындағы келеңсіздікті бірінші болып тәрбие ісі жөніндегі жетекші Ділбар Абудуллаева байқаған. 14 сәуірде мұғалім қыздың белгісіз ер адаммен сөйлесіп тұрғанын байқаған. Қария мектеп оқушысының қолын ұстаған, Абудуллаева ескерту жасаған соң оқушы асығыс мектепке қарай жүгірген, ал қария велосипедке мініп кетіп қалған.
Кешкі астан кейін директордың орынбасары екі психологтың қатысуымен оқушы қызбен сөйлескен. Баладан бұл қарттың кім екенін және олар не туралы сөйлесетінін сұрады. Алғашында атасының досы деп жауап берген қыз артынша жылап жіберген.
Баланың айтуынша, қарт адам оған алғашында жақсы адам боп көрінген, тіпті ақша да берген екен - кейде 200, кейде 500 теңге.
Алғашқы зорлау оқиғасы 12 сәуірде болғаны хабарланды. Таипованың айтуынша, 73 жастағы ер адам қызды үйіне шақырып, шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түскен. Сосын үйіне апарып, ешкімге ештеңе айтпауды бұйырған. Бұл оқиға туралы баланың сөзінен белгілі болды.
Келесі күні мектеп оқушысы айтқандай, зейнеткер оны тағы да зорлаған. Қыз бала ұрыс естіп қаламын деп қорқып, бұл туралы психологтарға айтуға батылы жетпегенін мойындады.
Барлығын білген соң мектеп әкімшілігі полиция шақырған. Сараптама қыздығының бұзылуын растады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті зейнеткер уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Зейнеткердің қызы аудандық ішкі істер департаментінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан объективті тергеу үшін іс Алматы облысының полиция департаментіне жіберіледі. Күдіктінің ұлы ауыл мәселелерін көтеріп жүрген жергілікті белсенді. Онымен Orda.kz тілшісі хабарласты. Ер адам әкесіне жалған жала жабылғанын және сол арқылы оның белсенділігі үшін кек алатынына сенімді. Күдіктінің туыстары жасы ұлғайған адамның мұндай қылмысқа баруы мүмкін екеніне сене алмайды. Зейнеткердің әйелі Алматыдағы ауруханада жатыр.
Сондай-ақ жәбірленген алтыншы сынып оқушысы әжесінің тәрбиесінде екені белгілі болды. Мектеп директоры оның мінез-құлқын жақсы деп бағалайды. Сабақтан қалмайды, жақсы оқиды. Мектеп психологының айтуынша, қыз басынан өткен оқиғаны толық түсініп тұрған жоқ. Зардап шеккен тарап тегін адвокатпен қамтамасыз етілді, баламен психологтар күн сайын жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық