ШҚО-дағы ауыл әкімі тұрғындарға не үшін балағат сөз айтқанын түсіндірді
Фото: бейнеден кадр
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханов әлеуметтік желіде тұрғындарға балағат сөз айтқан бейнежазбасына қатысты ауыл жұртшылығынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімнің ауыл тұрғындарымен кездесуде даусын көтеріп, үстелді ұрып, бейәдеп сөздер айтқан сәті жайлы жазған едік.
Тарап кеткен бейнежазбадан кейін, шенеунік бейнеүндеу жариялап, өз әрекетін түсіндірді.
«Кеше ауылда қоғамдық тыңдау өтті. Сол кезде бөгде адамдар келіп, оның өтуіне кедергі келтірді. Соның салдарынан тыңдау шамамен бес сағатқа созылды. Сол сәтте мен эмоцияға беріліп, орынсыз сөздер айтып қойдым. Шілікті ауылдық округінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді Төлеуханов.
Сонымен қатар, ол өзі осы ауылда туғанын әрі ел игілігі үшін жұмысын ары қарай жалғастыратынын айтты.
Артынша жергілікті полиция департаменті 36 жастағы әкім ӘҚБтК-ның 434-бабының 1-бөлімі «Қоғамдық орындарда әдепсіз сөз қолдану» бойынша жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 күнге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.
Сондай-ақ, Төлеухановтан ресми түсініктеме талап етілуп материалдар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің этика кеңесіне жолданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық