Шерзаттың соты: Дархан Әскентай адвокатынан бас тартты
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты бүгінгі сотта айыпталушы тараптың адвокаттары істі қайта тергеуді сұрады. Судья мақұлдамады. Сондай-ақ айыпталушылардың бірі, алғаш жауап берген Дархан Әскентай өзінің екінші адвокаты Қалиевадан бас тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Тілшіміз Дархан Әскентайдың одан «тергеу кезінде толық көмек көрсетпеді» деп, әрі оған сенімсіздік танытқан соң бас тартқанын хабарлады.
Еске сала кетсек, Дархан Әскентай — «Бұзақылық» бойынша (293-бап 3-бөлігі) айыпталып отыр. Ол 2024 қазан күні «Қамажай» дүкеніне сыра алуға келген. Дүкен иесі Қаржаубай Нұрымовпен, марқұм Шерзат Полатпен дауласып қалады. Шерзат болат оны жұдырықпен бір рет ұрады. Оның сөзінше, осы уақытта ол Нұрбол Тоқтаубаевқа «өзін алып кетуін» сұрап хабарласқан. Ал бейнежазбаларға қарасақ, ары қарай дауға ұласып, келген бір топ адам жабылып, оқыс жағдайда Шерзат Полат қайтыс болады. Бүгін сотта айғақ болған осы бейнежазба көрсетілді. Ол істің мән-жайын анықтап, куәгерлердің өтірігін әшкереледі.
Бұған дейін болған сот отырысында Нұрғанат Ғайыпбаевты бейнежазбаға жасырын, еш қаулысыз рұқсатсыз түсіріп алған Талғар криминалдық полиция бөлімінің басшысы міндетін атқаратын Медет Әділжановтың заң бұзғаны белгілі болған еді.
Сондай-ақ алдыңғы сот отырсында адвокаттар бірауыздан прокурор Дана Сәрсенбайды эмоцияға беріліп отыр деп, ауыстыруды сұраған еді. Сот бұл ұсынысты мақұлдамады. Айыпталушылардың бірі Дархан Әскентай сол сотта жауап берген болатын. Ол өзін марқұм Шерзат кастетпен ұрғанын осы сотта айтты. Бұған дейінгі тергеуде ол жайлы мүлде жақ ашпаған.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Прокурор «Қазақтың Робин Гуды» Ілияс Сариев пен оның серіктесін 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
- Темірлан Еңсебекке тағы бір айып тағыла ма? Qaznews24 әкімшісін прокуратура қайта шақырды
- «Талғар — ең қауіпті аудан емес»: Сұлтанғазиев өңірдегі қылмыс туралы айтып берді
- Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән болып енгізілді
- Жаңа парламентті Мәулен Әшімбаев басқара ма?
- Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін дөрекі сөйлеген күйеуін сотқа берді
- Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты
- Тасмағамбетовтың қызметтегі соңғы күні: ҰҚШҰ-ның бұрынғы бас хатшысы енді қайда барады?
- «Тасмағамбетов кетіп, Масадықов келді»: Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы тағайындалды
- «Бәрі террорист емес»: Әміржан Қосанов Тоқаевты сынап ашық хат жолдады
- Алғабастағы өрттен жапа шеккен жеті жастағы қыз әлі өте ауыр күйде жатыр
- Құлағы нашар еститін жүргізушіге жол ақысын төлемей кеткен жолаушы табылды
- «Қайрат» сыртқы алаңда «Копенгагеннен» 3:2 есебімен ұтылды
- «Әйелін атпен сүйреп өлтірген»: Талдықорғандағы елдің жағасын ұстатқан іс сотқа жетті
- Гонконгтағы өрт: Отқа оранған тұрғын үйде 13 адам қаза тапты
- Ақ үйдің жанында атыс болып, гвардияның екі жауынгері зардап шекті
- «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылардың қайтыс болуына байланысты 6 адам сотталды
- Mudarabah Capital ісінде күдікке ілінген Шыңғыс Құрманғалиев қамауға алынды
- Полиция «Дат» газетінің бұрынғы бас редакторын неге ұстағанын түсіндірді
- Ақтөбеде жеке мектептің мұғалімдері 4 айдан бері жалақысыз жүр