«Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
Иллюстрация нейросеть DALL-E көмегімен жасалған.
Қазақстанда жаңа алаяқтық схемасы белең алып отыр. Адамдар ақшасын өз еркімен қайтарып, байқамай дропперге айналып кетеді. Orda.kz тілшісі бұл схемаларды зерттеп көрді.
Елімізде соңғы уақытта банк қосымшалары арқылы жасалатын жаңа қаржылық алаяқтық түрі белең алуда. Схема қарапайым бейтаныс адам сіздің шотыңызға ақша аударады, артынша «қателесіп жібердім» деп хабарласып, қаражатты қайта жіберуді сұрайды. Көп жағдайда азаматтар мән-жайды тексерместен, ақшаны қайтарып жіберіп, кейін өздері қалай алаяқтық схеманың қатысушысына айналып кеткенін байқамай қалады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл схема екі бағытта жұмыс істейді екен. Бірнішісі, «Қате аударым» әдісі
алаяқтар бөтен адамның шотына аздаған сома аударады. Кейін хабарласып, қаражатты басқа нөмірге қайтаруды сұрайды. Азамат ақшаны «қайтарып жатырмын» деп ойлайды, бірақ іс жүзінде ол басқа шотқа өз қаражатын аударады. Бастапқы аударым кейін даулы операция ретінде кері қайтарылуы мүмкін немесе азамат дропперлік тізбекке түсіп қалады.
Ал дропперлік схема дегеніміз қылмыстық топтар ұрланған немесе алаяқтық жолмен алынған қаражатты үшінші тұлғалардың карталары арқылы «айналдырып» отырады. Кейбір азаматтар шотын уақытша пайдалануға береді. «Тек аударым жасап беріңізші» деген өтінішке келісе кетеді, не болмаса жағдайды толық түсінбей, ақшаны ары қарай жібереді. Осының салдарынан адам өзі қылмыстық іс бойынша куәгер не күдікті ретінде тартылуы мүмкін.
Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды
Алайда бұл делдал дропперлерге қатысты өткен жылы ҚР Қылмыстық кодексіне жаңа бап қосылып, енді алаяқтық схемалардағы бұндай әрекетке барғандар тек айыппұлмен шектелмейді. Зардап шеккендерге ақшаны қайтаруға міндеттеліп немесе түрмеге қамалуы мүмкін. Енді бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 232 бабының 1 тарауымен жазаланады.
- Өз банк шотын бөгде адамға пайдалануға бергендер – 3 жылға дейін;
- Ақшаны басқа адамға аударғандар – 5 жылға дейін;
- Бірнеше шотты алаяқтық схема арқылы пайдаланғандар – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осыған орай заңгердің пікірін білдік, Дархан Әлсейітовтің айтуынша оған осы дроперлік пен интернет-брокерлік сынды алаяқтыққа тап болған жәбірленушілер жиі хабарласады екен. Яғни, азаматтардың атынан заңсыз несие рәсімдеп брокерлік шоттарға аударылады екен. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда банк қосымшасына «қателесіп ақша жіберетін» алаяқтық схемелардан аяқ алып жүру қиындап кеткенін айтты.
«Егер біреу сіздің шотыңызға ақша жіберсе де, кейін оны басқа есепшотқа қайтаруды сұраса, ақшаны ешқашан аудармаңыз. Мұндай әрекет алаяқтық схемасының бөлігі болуы мүмкін. Ос арылы алаяқтар сізді өз ақшаңызды басқа адамға аударуға көндіріп, кейін оны өз пайдасына пайдалана алады. Сонымен қатар, банк қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Қазіргі банктерді барлық қауіпсіз әрекеттер жасалғанымен бұл жерде негізіг фактор адамның өзі, яғни, адам келген кодты айтып қойса кейде ары қарайға алаяқтық фактілерді тоқтату мүмкін болмай қалады. Ақырында адам алданып қалады», – деді заңгер Дархан Әлсейіов.
Қазіргі цифрлық заманда банк қосымшаларын пайдалану ыңғайлы болса да, ол алаяқтар үшін де мүмкіндік туғызып отыр. «Қателесіп ақша жібердім» деген сценарий арқылы дропперге айналып кетпеу үшін әрбір азамат абай болуға міндетті.
Ақшаны ешқашан өз бетімен аудармау, күмәнді өтініштерге көнбеу және күдікті операциялар туралы банк пен құқық қорғау органдарына хабарлау — ең тиімді қорғаныс шаралары. Заң да дропперлерге жауапкершілік жүктеп, алаяқтыққа қатысқандарды жазалауды қарастырады, әр адам өз қауіпсіздігімізге жауапты екенін ұмытпаған жөн.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық