Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
Фото: ҚМА
Өскемен әуежайы президенті мен атқарушы директоры бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету жолымен жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Шығыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметіне сілтеп.
«Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Өскемен әуежайы» АҚ президенті К. және атқарушы директоры С.-ға қатысты үкім шығарды. Олар қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, бірнеше рет бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденіп, ысырап ету жолымен жымқырған (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы)» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ әуежай президенті ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлға бола тұра, қызмет мүдделеріне қайшы болса да, жеке пайда табу үшін өкілеттігін пайдаланып, акцияларының 100 пайызы мемлекетке тиесілі «Өскемен әуежайы» АҚ-ның заңмен қорғалатын мүдделеріне ірі мөлшерде залал келтіріп, ауыр зардапқа соқтырған.
Әуежайдың материалдық-техникалық жабдықтау тобының басшысы да өз қызметтік жағдайын пайдаланып, президентпен алдын ала сөз байласу арқылы өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету жолымен ақша жымқырған. Ол ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша сотталды.
Сот анықтағандай, айыпталушылар 2018–2023 жылдар аралығында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасу кезінде мердігер ұйымдар жұмысына төленетін шығындарды негізсіз ұлғайтып көрсеткен. Шарттағы сома мен қызметкерлерге нақты төленген қаражат арасындағы айырманы қалтаға басып отырған.
Айыпталушылар кінәларын толық мойындаған жоқ.
Сот үкімі келесідей:
- «Өскемен әуежайы» АҚ президенті ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды;
- Атқарушы директор 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі бала 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды;
- Материалдық-техникалық жабдықтау тобының басшысы 189-бабы 2-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімі екі есеге қысқартылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу және 3 жыл белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот «Өскемен әуежайы» АҚ-ның азаматтық талап-арызын қанағаттандырды:
- К.-дан кәсіпорын пайдасына 120 512 179 теңге өндірілді;
- К. мен С.-дан ортақ тәртіппен 18 718 914 теңге;
- К. мен Д.-дан ортақ тәртіппен 2 127 501 теңге көлемінде материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Өскеменде Әлия Молдағұлованың мұралы көрініс тапты
- Ресейліктер уәде еткен үш ЖЭО құрылысы кейінге қалды
- «Ескі уақытты қайтарыңыздар»: құрылысшылар біріңғай уақыт белдеуіне қарсы шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық