Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
Фото: gov.kz
Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары ресми түрде бекітілді. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандастарымыз елге көршілес мемлекеттер арқылы кезең-кезеңімен жеткізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Атап айтқанда, Армения тарабымен Иран–Армения шекарасы арқылы кедергісіз өту жөнінде келісім жасалған. Сонымен қатар Әзірбайжан мен Түрікменстан билігі де гуманитарлық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қажет болған жағдайда эвакуация осы елдердің аумағы арқылы ұйымдастырылады.
Министрлік деректеріне сәйкес, қазіргі таңда ахуалы күрделі өңірлерде шамамен 8,5 мың қазақстандық бар.
Оның ішінде:
- Біріккен Араб Әмірліктерінде – 3 500 адам,
- Сауд Арабиясында – 3 000-ға жуық,
- Қатарда – 1 500,
- Иранда – 82,
- Бахрейнде – 168,
- Кувейт пен Иорданияда – 268,
- Израильде шамамен 100 отандасымыз жүр.
СІМ өкілдері қазіргі уақытта зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін сыртқы істер министрлігі 3 және 4 наурыз күндері Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды елге қайтара бастайтынын хабарлады.
Негізгі рейстер легі Сауд Арабиясы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Мадияр Меңілбеков әуе компаниялары ұшуға қажетті барлық құжаттарды рәсімдеп қойғанын айтты. Оның сөзінше, корольдіктен Мәдина мен Жидда әуежайлары арқылы барлық қажылар елге жеткізіледі.
Оқи отырыңыз:
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық