Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
Фото: Orda.kz
Шучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 8-ге жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 3 наурызда Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында жарылыстан зардап шеккен бір науқас қайтыс болды. Ер адам Бурабай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан. Оның қайтыс болғанын Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Ведомство мәліметінше, дәрігерлер бірнеше күн бойы науқастың өмірі үшін күрескен, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Денесін күйік шалған төрт адам Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Бір науқастың денесінің 85%-ы күйіп қалды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, Щучинск қаласында дәмханалардың бірінде жарылыс болып, артынша өрт шықты. Сол күні жеті адам қаза тауып, тағы жиырма адам жарақат алды.
Оқи отырыңыз:
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Щучинскідегі 7 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық