Шерзаттың ісі: Айтбек Амангелдінің адвокаттары қомақты қаржы алғаны рас па?
Коллжа: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты үкім шықса да, осы істің төңірегіндегі әңгіме толастар емес. Айтбек Амангелдінің адвокаттарының Шерзаттың ісіне қатысты белгілі бір ұйымнан қаражат алғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, әу баста, Шерзаттың ісін Айтбек Амангелдінің адвокаттары алып, жарты жылға жуық тергеу ісіне қатысты. Алайда сотқа 10 күн уақыт қалғанда іс Мейірман Шекеевтің қолына өтті. Оған себеп Қаржаубай Нұрымов пен Айтбек Амангелдінің арасындағы түсініспеушілік болды. Шерзаттың әкесі адвокаттардан емес Айтбекпен ары қарай жұмыс істеуден бас тартады. Артынша Амангелдінің адвокаттары істен шектелген соң, Нұрымов Шекеевтің көмегіне жүгініп осы істі заңгерге аманаттайды.
Дәл осы Айтбек Амангелдінің адвокаттары журналист Назымгүл Күміспаеваға берген 3 сағаттық сұхбатынада Шерзат ісінде олар ешқандай ақы алмағанын айтқан еді. Алайда, артынша Күміспаева Нұрымов пен Шекеевтен алған сұхбат барысында ақы алғандығы анықталды. «Qantar» қоры директорының орынбасары Мұхамедхан Oмаровқа қоңырау шалып сұрағанда ол барлығын растады.
Бастапқыда «Qantar» қоры Айтбек Амангелдімен келісімшартқа отырған екен. Осы орайда Шекеев Айтбек Амангелдінің сұхбатта «ешкімнен бір тиын алмадық» дегені шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Иә, мен бұл мәліметті растаймын. Өткен жылдың қазан айынан бастап бізде Амангелдінің адвокатарымен бірге отырған келісімшарт бар. Соған қоса біз олардың Талғарға баруына ыңғайлы болуы үшін жалдаған көліктерінің де ақысын төледік. Сонынмен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың отбасына психологиялық көмек берген маманның да ақысын төледік. Адвокаттарға қанша қаражат төленгенін ашық айта алмаймын. Бірақ миллионнан артық сома екені анық», – деді Омаров.
Содан Шекеев «Qantar» қоры директорының орынбасары Мұамедхан Oмаровқа оларға да көмек беруін сұрады.
«Талдықорғанға барып келуге шыны керек аз қаржат кетпейді. Сондықтан мен «Qantar» қорынан еңбек ақымды төлемей-ақ қойыңыз, тек жол шығынын төлеп беріңіз деп өтініш жасадым. Оны мен еш жасырмай әу баста-ақ айтқан едім»,– деді Шекеев.
Осыған дейін Orda.kz Қаржаубай Нұрымовтың Айтбек Амангелдімен неге араны үзгенін және «төбелеске өзі итермеледі» деген айыптарға нақты жауап бергені жайлы жазды. Сонымен қатар, істің «топтасып кісі өлтіру» емес, «бұзақылық» бабымен қаралып жатқанын сотқа небары 10 күн қалғанда естігенін жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық