Шерзаттың әкесіне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: Orda.kz
Бұзақылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған Қаржаубай Нұрымовқа апелляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Азат ауылында Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы шыққан соң Каржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, қолына пышақ алып өз-өзін жарақаттаймын деп қоқан-лоққы көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Қоғамдық белсенділер мен отбасының адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында бүгінгі апелляциялық соттың шешімі шықты. Үкім жеңілдететін жағдайлар болғанымен, өзгеріссіз қалды.
Ауырлататын мән - жайлар болмаған және жеңілдететін жағдайлар болған кезде, осы құқық бұзушылық үшін көзделген ең жоғары жаза қолданылды. Бұл жағдайда 15 тәулік мерзімге қамауға алу істің мән-жайларын ескере отырып, тым қатал және тепе-тең емес, делінген шағым құжатында
Жеңілдететін жағдайлар ретінде мыналар келтірілді:
- ұлының қазасы;
- туған інісінің қайтыс болуы;
- мүлікті (тұрғын үйді) жанып кетуі;
- бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақты назары;
- ұлының қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне күнделікті қатысу.
Еске сала кетейік, қамауға алынған Нұрымовтың жағдайы жақсармаған соң шұғыл түрде Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілген.
Сондай-ақ, Алматы облысының полиция департаменті Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына байланысты сот-медициналық сараптамасының алдын-ала болжамын жариялаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық