Шерзат соты: судья Ержан Жанұзақов істен шеттетіле ме?
Коллаж: Orda.kz
Шерзат Полат ісіне қатысты сотта айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты судья Ержан Жанұзақовты істен шеттетуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Шерзат Полаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сот отырысында Абзал Шынасылдың қорғаушысы Жұмат Әбенов судьяға қарсылық білдірді.
Бұл өтінішті қарау үшін басқа судья келуі керек болғандықтан, сотта үзіліс жарияланды. Алайда қорғаушы не себепті мұндай өтініш жасағаны әзірге белгісіз. Себебі дәл сол сәтте сот отырысының тікелей көрсетілімі тоқтап қалды.
«Қылмыстық-процесс кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес, істі жеке қарап жатқан судьяға қатысты білдірілген қарсылықты осы соттың төрағасы немесе басқа судья қарайды. Аталған заң нормасына сәйкес, қарсылықты осы соттың судьясы Беймбетов А.А. қарайтын болады», — делінген Жоғарғы соттың түсіндірмесінде.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Шекеев Жұмат Әбеновтың не үшін судьяға қарсылық білдіргенні айтып берді.
«Адвокат Әбеновтың судьяға қарсылық білдіруіне себеп болған жәйт бүгін прокурор тарапынан фото техникалық сараптама қортындысы жарияланды. Сол бойынша Әбенов сарапшыдан жауап алу үшін сотқа шақыруды сұрады. Судья оны қажет деп таппады, себебі сарапшының қортындысы жазбаша түрде іс құжаттарында тіркелген. Сол себепті судья Әбеновтың өтінші талабын қанағаттандырмады, сол кезде адвокат судьяға қарсылығын білдірді. Енді судья Жанұзақов өзіне көрсетілген қарсылықты қарай алмайды, сол үшін Қаскеленнен басқа судья немесе соттың төрағасы келе жатыр сол қарайды», — деді Шекеев.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында іс материалдарын қарау жалғасуы тиіс болатын. Сонымен қатар, сотқа Нұрғанат Ғайыпбаевқа сот-медициналық сараптама жасаған маман келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық