Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
Фото: Pexels
Қызылорда облысында шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратураның мәліметінше, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы 15 тәулікке әкімшілік қамауда болған. Жұмысқа келмегенін түсіндіру үшін ол басшылығына уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.
Тексеру барысында бұл құжаттың жалған екені анықталған. Жалған анықтаманы оған Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері жазып берген. Сот дәрігерді құжатты қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Ал шенеунік жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Оқи отырыңыздар:
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды