Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
Фото: ЖИ көмегімен
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ прозасының ірі өкілдерінің бірі — Ғабиден Мұстафин. Оның шығармашылығы қазақ қоғамының көшпелі тіршіліктен индустриялық дәуірге өту кезеңін көркем тілмен бейнелеген әдеби шежіре іспетті. Orda.kz редакциясы Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы шолу жасап шықты.
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысы, қазіргі Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.
«Мен дүниеге келген кезде қазақ өлгенін, туғанын қағазға жазбайтын. Әке-шешемнің жыл қайырып айтуы бойынша 1902 жылы тусам керек», — деп еске алады жазушының өзі.
Жас кезінде ауыл молдаларынан хат таныған. 1916 жылы Спасск зауытында жұмыс істеген. Сосын Мауқымның Жүсібінен бір жыл орысша оқиды. Кейін сол зауыттағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне түседі. Алайда мектепті тәмамдаған соң әрі қарай оқуына мүмкіндік болмаған. Бұл – сол кезеңдегі қазақ балаларының тағдырына ортақ жағдай еді.
Ғабиден Мұстафин өз өмірбаянында шығармашылық жолға қалай түскеніне қайран қалады. Себебі білімнен, оқу мен жазудан алшақ, алыс ауылда тұрып, төрт сыныпты бітірген баланың өмірде жазушылық жолды таңдауы кімді болса да таңқалдырады.
«Менің өскен ортам алпыс үй Елібай ертерек жерінен айырылып, қоныс ауып, кедей болды. Сол кедейдің бірі, түбі өзбек Сейіткемелдің Әубәкірі Пәтима деген тұңғыш қызын маған атастырыпты. Әубәкір 1910 жылдан бастап саудамен айналысып, байи бастайды. Жазы-қысы бір ауылда отырамыз. Байыған сайын бізді менсінбеуге айналды. Үш-төрт жылдың ішінде, әсіресе 1916 жылы Әубәкір бір дуан елге ықпалын жүргізді. Қызын бермеуге айналды»,- деген қаламгер өмірбаянында.
Жазушы өз өмірбаянында шығармашылық жолға қалай түскеніне өзі таңдана қарайды. Төрт сыныптық біліммен, шалғай ауылдан шығып, жазушылық жолды таңдау — тосын құбылыс. Оның жастық шағындағы әлеуметтік теңсіздік, бай мен кедей арасындағы айырмашылық, атастырылған жары Пәтиманың тағдыры — бәрі де Мұстафиннің қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер етті.
Қызылорда кезеңі: әдебиетке алғашқы қадамы: 1925 жылы 23 жасында Ғабиден Мұстафин сол кездегі астана Қызылордаға білім іздеп барады. Оқуға түсе алмағанымен, «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарлар жаза бастайды.
Бұл кезеңде оған Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқанов бағыт-бағдар берген. Тырнақалды туындысы — «Таң келеді». Кейін «Сәрсен мен Боқаш» әңгімесі жарық көрді. 1929 жылы «Ер Шойын» жинағы басылып шықты. Бірақ әдеби орта оны бірден қабылдай қойған жоқ. Газет-журналдар шығармаларын жариялаудан бас тартқан соң, 1930 жылы Қарағандыға жұмысқа кетеді.
Қарағандыда үш жыл жұмысшы болып еңбек етеді. 1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетіне жауапты хатшы болып тағайындалады. Кейін Новосібірдегі «Қызыл ту» газетінде қызмет атқарады.
1938 жылы Алматыға шақырылып, үлкен роман жазуға кіріседі. «Өмір мен өлім» атты туындысы Қарағанды өндірісі туралы жазылды.
«Бұрын үлгіні Сәбит, Бейімбеттерден алсам, енді Толстой мен Гюгодан алуға тырыстым», — дейді.
Ғабиден Мұстафиннің шығармашылық шыңы — төрт ірі романы:
- «Өмір мен өлім» (1940)
- «Шығанақ» (1944)
- «Миллионер» (1948)
- «Қарағанды» (1952)
Бұл шығармалар ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік трансформациясын бейнелейді.
- «Шығанақ» — еңбек адамының тұлғасын ашқан шығарма.
- «Қарағанды» — индустрия дәуірінің көркем хроникасы.
- «Миллионер» — колхоз өмірінің шындығы.
Жазушы шығармаларын өте қысқа мерзімде жазғанымен, олардың идеялық жүгі ауыр болды.
1946 жылы Мұстафин: «Шаш ағарып, қол қалтырағанша жазармын, сонда да қоғам өмірін мүлтіксіз жаздым демеспін», - деп жазған. Бұл оның өзін асыра бағаламайтын, қоғамды жазудағы жауапкершілікті терең түсінетін қаламгер екенін көрсетеді.
Қызы, профессор Жанар Мұстафинаның айтуынша, жазушы қарапайым, ашық, жасандылығы жоқ адам болған. Шопанмен де, министрмен де тең сөйлесетін. Ашықтық пен адалдық — оның басты қасиеттері. Адалдық деген ұғымның ауқымы кең. Ғабиден Мұстафин достыққа адал болған жанның бірі.
Қос қаламгер Ғабиден Мұстафин мен Ғабит Мүсірепов жақын дос болған. Кездейсоқтық болуы да мүмкін, екеуі де бір жылы туып, бір жылы дүниеден өтті. Шығармашылық жолда да қатар жүрді. Естеліктерге сүйенсек, 1985 жылы Ғабиден Мұстафиннің қазасы досы Ғабит Мүсіреповті есеңгіретіп тастаған. Ол да сол жылы дүниеден өтті.
Ғабиден Мұстафин шығармашылықпен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, алтыншы сайланған КСРО Жоғары кеңесінің депутаты, 4-5, 8-10 Қазақ КСП Жоғары кеңесінің депутаты болды. Екі рет Ленин орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл ту орденімен марапатталған.
1985 жылы 20 қаңтарда 82 жасында Алматыда қайтыс болды. Ғабиден Мұстафин — индустрия дәуірін, қазақ қоғамының өзгеріс кезеңін жазған қаламгер. Оның шығармалары — кеңестік кезеңнің идеологиялық шеңберінде туғанымен, тарихи-әлеуметтік шындықты бейнелеген көркем құжаттар. Ол өзін дәуір биігінің шыңында емес, «бір бөктерінде көрінуге тырысқан» жазушы санады. Бірақ бүгінгі әдебиет тарихы оны ХХ ғасыр қазақ прозасының шыңына көтеріп отыр.
Оқи отырыңыз:
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
Жаңалықтар
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды
- «Сүйісейік» деп тиіскен: Мас ер адам автобуста қыздардың мазасын алды
- Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкнотты көрсетті