Шашынан сүйреген: Атырауда тәрбиеші балаға қорлық көрсеткен

cover

Атырау облысында балаға қатал қарағаны үшін балабақша тәрбиешісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы Orda.kz Azh.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылындағы Балдырған нысанында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралуда. Жазбада әйелдің балаға жақындап, басынан ұрып, содан кейін оны шашынан орындыққа сүйрей бастағаны көрсетілген. Содан кейін бала құлайды.

Оқиға 5 наурызда орын алған.

Аталған факт бойынша аудандық білім бөлімінде комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізілді.

Аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар