Сенада триатлон ойынын өткізуге рұқсат берілді
Фото: Reuters
Олимпиада ойыншылары бір күнге кешігіп триатлон жарыстарын бастау үшін алғаш рет Сена өзеніне түсті.
Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) хабарлады.
Жарысты әйелдер бастады, одан кейін ерлер жалғастырды.

Бұған дейін Сенадағы су сапасының нашарлығына байланысты оқу-жаттығулардан бас тарту және триатлон жарыстарын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған болатын.

Париждегі Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар Сенада триатлон жарыстарын өткізуге рұқсат алды.
30 шілде күні таңертең басталуы тиіс ерлер арасындағы триатлон жарысы 31 шілдеге шегерілген болатын. Бұл шешім Франция астанасында жұма және сенбі күндері болған жаңбырдан кейін өзендегі судың ластануына байланысты қабылданды. Дәл осы себеппен жексенбі және дүйсенбі күндері Сенада жүзу жаттығулары тоқтатылды.
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 3:20-да алынған суды сынаудың соңғы нәтижелері Дүниежүзілік триатлон бойынша жарысты жалғастыруға мүмкіндік беру үшін сәйкес деп танылды» делінген ұйым мәлімдемесінде.
Осыған орай, әйелдер арасындағы триатлон жарысы бүгін Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де, ал ерлер арасындағы триатлон жарысы 14:45-те басталады.

Еске салайық, бұған дейін Париж мэрі Анн Идальго жарыс өткізу қауіпсіз екенін көрсету үшін Сенада жүзіп шыққан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық