Семейде соққыға жығылған баланың жағдайы белгілі болды
Фото: Видеодан кадр
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы Семейде бір топ жасөспірім соққыға жыққан баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы оқушы 23 ақпанда қабылдау бөлімінде тексерілгенін жеткізді. Оған дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетіліпті.
«Пациент 2013 жылы туған ұл бала. Қажетті тексерулер жүргізілді. Диагноз - жабық бас-ми жарақаты. Бастың шашты бөлігінде, шүйде аймағындағы гематома. Аяқ-қолдың төменгі тұсында көптеген теріасты гематомасы бар. Бала жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Ведомство ақпаратына сай, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілген. Тексеру қорытындылары бойынша оқушының өміріне қауіп төндіретін себептер анықталмаған.
«Қазіргі уақытта дәрігерлердің – педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында», деп хабарлады олар.
Еске салайық, Семейде бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын соққыға жықты.
Әлімжеттік көрсеткен балалар арнайы мектептерде оқитын болады.
Осы жағдайға байланысты кеше, 26 ақпан күні мектеп директоры жұмыстан босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық